Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, "Ерен еңбегі үшін", "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгілерінің иегері, халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегері, "Сырым ауданының құрметті азаматы", ақын Бауыржан Халиолланың 40 жас мерейтойына орай ауданда өтетін мәдени шара қонақтарын Сырым шыққан төбедегі кесенеден аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қарсы алды.  Сырым топырағына табаны тиген қонақтардың ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тимуржан Шакимов, Асанәлі Әшімов, Жүрсін Ерман, Алтынбек Қоразбаев, Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақындар Мұхамеджан Тазабеков, Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Шалқарбай Ізбасаров, Жансая Мусина, Талғат Мықи бар.
Меймандар ақ пен бауырсақтан ауыз тиді. Жымпиты халық театры театрландырылған көрініс қойып, Сырым мен Қадырдың бейнесін сомдады. Шара қонақтары кесене алдында естелік суретке түсіп, Бауыржан Халиолланың туған жері құт дарыған киелі мекен – Қособаға жол тартты.

 

.