Кешегі аптаның аяғында Нұр – Сұлтан қаласында «Болашақ» өнер мектебінің ұйымдастыруымен халық ақыны Ф. Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай «Мен жалындап өтемін!» атты І республикалық байқауы өтті.

Осы байқауда сырымдық, Қ. Мырзалиев атындағы мектептің 4 а сынып оқушысы Айасыл Сарқұл «Көркемсөз оқу шеберлігі» аталымы бойынша І орынға ие болды.
Айасыл байқауда Ф. Оңғарсынованың «М. Мақатаев туралы жыр» атты өлеңін оқыды. Оның өнерін белгілі ақын С. Дүйсенғазин бастаған қазылар тобы жоғары бағалаған.


Фариза оқуларында ақынның «Ертұрман» атты өлеңін оқыған сырымдық, Қ. Мырзалиев атындағы мектептің 4 а сынып оқушысы Нұртаза Амандық та жүлде биігінен көрініп, ІІІ орын алды. Нұртазаға ерекше өнер көрсеткені үшін «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС – ның арнайы сыйлығы берілді.


Жүлдегер оқушылардың жетекшісі – Тамара Омарова.