БҚО әкімінің Сырым ауданындағы қоғамдық өкілі, Сырым ауданының құрметті азаматы Есберген Әжібаев, аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева аталмыш округтің негізгі мектеп-балабақша кешенінің ұстаздары мен жүздесіп, білім сапасының қаншалықты дұрыс беріліп жатырғанын білу мақсатында арнайылап барды. Ел ағасы Есберген Әжібаев педагогтарға "Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы" екенін айтып, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, өмірден көрген-түйгенін айтып, ағалық ақылын, әкелік өнегесін айтты.