Бүгін футзалдан Сырым ауданы чемпионаты салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Доп додасы биыл 3 жыл ұйымдастырылып отыр. Биыл 3 лигада барлығы 22 команда бақ сынайды. Жоғарғы лигада 6 команда, Бірінші лигада 8 команда, Екінші лигада 8 команда ойнайды деп күтілуде.
Барлық командалар айналма жүйе бойынша ойын өткізеді.
Футзалдан  Сырым ауданы чемпионаты наурыз айының соңына дейін жалғасады.