Төлеуқайыр Қажиахметов «Береке» бағдарламасы арқылы 1 350 000 теңге көлемінде несие алған. Алған қаражатқа 5 ірі қара, 3 тай сатып алған. Шаруа енді малды бордақылап, өсіруді жоспарлап отырмын дейді. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Сондықтан мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ұдайы қолдау көрсетілуде. Сондай көмектің бірі «Береке» несиелеу бағдарламасы. Мақсат — мүйізді ірі және ұсақ қара мал басын көбейту. Осылайша ет өндіру жұмысының өнімділігін арттыру. Бағдарлама аясында қатысушы 3 млн теңгеге дейін несие ала алады. Қарызынан уақытысынан бұрын құтылған жағдайда шаруаға 4 жылға 5 млн теңгеге дейін қаражатты несиеге алуына мүмкіндік бар.
Бағдарлама қатысушысына несие жылына 4,8 пайыздық мөлшерлемемен бастап беріледі. Күні бүгін «Береке» бағдарламасы аясында Сырым ауданы бойынша 37 адам өтініш берсе, соның 11-і өз кәсіптерін бастап кеткен.

Үміт Жәңгірова