Бұлдырты ауылына жұмыс сапарымен келген Сырым ауданы әкімі Абат Шыныбеков Қабылов Қуандықтың шаруашылығымен танысты. «Сегіз ата» қожалығының басшысы қазіргі таңда 25 ірі қара және 5 жылқы малын бордақылап отыр. Бордақылаудың бабын білетін шаруаның малды бордақылаумен айналысқанына 1 ай ғана уақыт өтіпті.