Бұлдырты ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Ерген Оразов «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында несие алып, Бұлдырты ауылында «Болашақ» шаштаразын ашты. Шаштараздың ашылу салтанатына аудандық «Жұмыспен қамту» орталығының директоры Саламат Иманғалиев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Аян Жоламанов, аудандық мәслихат депутаты Болат Тасқалиев, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. 
Қазіргі таңда кәсіпкер 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Үміт Жәңгірова