Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында "SINOIL"  авто жанармай құю бекеті ашылды. Бекеттің салтанатты ашылуында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев сөз сөйледі.

Шараға "SINOIL" ЖШС бас директорының орынбасары Ерлан Сартбаев, серіктестіктің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Рашид Дауров, "Гранд - Актив" ЖШС директоры Серік Қазиев және тұрғындар қатысты.

"SINOIL" ЖШС жобасын жүзеге асырушы "Гранд - Актив" ЖШС директорының орынбасары Алтынбек Ташимовтың айтуынша, "SINOIL" авто жанармай құю бекеті облыс аудандарының ішінде бірінші болып Жымпитыда ашылып отыр. Оған Жымпитының Самара - Шымкент халықаралық магистралінің бойында орналасуы себеп. 
Бекет бір уақытта 8 көлікке қызмет көрсете алады. Ауыр жүк көліктеріне арнайы 2 колонка жұмыс ІСТЕЙДІ. Жолаушылар үшін бекетте маркет және
дәмхана бар. 
Жаңа нысан 16 адамға жұмыс орынын ашты. Барлық орындарға жергілікті адамдар тартылды.