Жаңа жыл қарсаңында дүкендердің сөрелері әр түрлі пиротехникалық өнімдерге толуда. Әрине, отшашулар мен фейерверктер қуаныш әкеледі, әсіресе біздің балаларымызға.

Алайда, пиротехникалық өнімдерді дұрыс қолданбау және ата-аналардың тарапынан жеткіліксіз бақылаудың болмауына байланысты балалар ауыр жарақаттарға душар болады.  Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу және жол бермеу мақсатында, бөлім қызметкерлері аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп аудан орталығында орналасқан дүкендер мен дүңгіршектерге рейд шараларын ұйымдастырып, лицензиясыз пиротехникалық өнімдер мен отшашуларды сатуға болмайтынын ескертті.
Осымен қоса, Жаңа жыл мерекесі аталып өтетін мекемелер мен мейрамханаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және мерекелік іс-шара өту барысында объектінің негізгі, қосалқы эвакуациялық шығу есіктерінің кедергісіз ашық болуы, шыршаның еденге бекем орнатылуын және безендіру барысында лицензияланған гирляндаларды пайдалану бойынша түсінік беру жұмыстарын ұйымдастырып, төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керегі туралы ақпараты бар жаднамалар таратты.