Бүгін дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Сырым ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Шыршаға мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалған,  оқуда үздік 60 оқушы қатысты.


Шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аудан басшысы балаларға тәтті сыйлықтар табыс етті.


Балақайларға арналып «Күлшеқыз» ертегісі қойылып,  ондағы мысық, тышқан сияқты кейіпкерлер балаларға әдемі көңіл күй сыйлады. Тышқандар ортаға Ақшақарды алып шығып, «Ыстық орындық» ойынын ойнатты. Көзіне көзілдірік киген, заманауи әнге билеп, Аяз атаның шыққаны да балаларға қызықты болды.


Ақшақар балалардан Аяз атаға қандай хат жазып, сыйлыққа не сұрағанын білді. Аяз атаға үздік хат жазған оқушылар анықталды. М.Қаналиев атындағы  орта мектептің  оқушысы Медет Бердіғали, Бұлан орта мектебінің оқушысы Айназым Рақымжан, Жырақұдық орта мектебінің оқушысы Саян Амангелді есімді  балалардың тілегін қабыл болып, Аяз атадан хатта сұраған сыйлықтары  табыс етілді. Аяз атадан халықаралық ән байқауларының лауреаты Бекей Қанатовқа ұқсап, онымен дуэт айту арманы екенін жазған Ж. Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Тимур Құрматовқа "Демалыс орталығының" директорының орынбасары Б.Қанатов микрофон сыйға тартты. әнш«Үздік кейіпкер», вальс билеген «Үздік жұп» анықталды. Үздіктерді кәсіпкерлер О.Гумарова,  Г.Тажаяқова,  А.Нұрмұханова,  Б.Жүсіпов,  А.Сержанов, Г.Негметова, Д.Рахымжанова, аудандық білім беру бөлімінің кәсіподақ комитеті марапаттап, сыйлықтармен демеушілік етті.
Аяз атаға хат жазғандардың ішінде  Тышқан да болып, Аяз ата оны ханзадаға, Күлшеқызды  ханшайымға айналдырады. «Күлшеқыз» ертегісі әдемі, әсерлі аяқталды.
Аудан әкімінің шыршасына қатысқан балаларға Аяз ата атынан тәтті сыйлықтар үлестірілді.


Жаңа жылдық шыршада  «Айналайын» би тобы «Start», «Аружан» би ансамблі «Тышқандар», «Young stars shine» биін биледі. Микки мен Минни маустар балалармен бірге флешмоб биледі. Шырша кезінде эстафета, бокс, шарлар лақтыру ойындарын ойнады.


Шыршадан соң, балалар «Мерей» мейрамханасында ұйымдастырылған тәтті үстелге қатысты.