Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиеваның қатысуымен, мәслихат сессиясының төрағасы Болат Тасқалиев төрағалық еткен жиын өтті.

 

Жиында 2020 жылға білім беру бойынша барлығы 3 408 320 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр.

 

Әлеуметтік қамсыздандыру және көмек бойынша бюджеттің ағымдағы шығыстары 2020 жылы 453 566 мың теңге сомада жоспарланып, келесідей шығыстар қарастырылған: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту бағдарламасы, тұрғын үйге көмек көрсету, т.б. шығыстар бағытталды.


Одан бөлек, республикалық бюджет есебінен Тоғанас ауылының кірмей жолын жөндеуге 519 256 мың теңге қарастырылса, "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша шараларды іске асыруға, яғни Жымпиты ауылы Қазақстан, Досмұхамедов, Жұмағалиев, Байжанов, Меңдалиев көшелерінің жолдарын орташа жөндеуге 229 477 мың теңге, Исаев көшесінің жол құрылысына 114 969 мың теңге, облыстық бюджеттен "Әулие Дәдем Баба" кесенесіне апаратын автомобиль жолын қайта жаңғыртуға 100 000 мың теңге қарастырылды.


Жиын соңында Төлеген Серікқалиұлы аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиеваны өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Парламент сенатының құрмет грамотасымен марапаттады.