Аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтың бастамасымен, Жымпиты ауылдық округінің әкімі Бекболат Мұханбетжанның ұйымдастыруымен ауылдың қарияларына құрмет көрсетіліп, ас берді.


Төлеген Серікқалиұлы қазынамыз болған қарттарды қадірлеп, бағалауымыз керек, өскелең ұрпақ, ұлдарымыз ұлықты, қыздарымыз қылықты болуы үшін үлкендердің ұлағатын өнеге етуі керектігін айтты.


Дастархан басына жиылған қариялар өз замандарындағы естеліктерімен бөлісіп, аудан және ауылдық округ әкімдеріне алғыс білдіріп, игі бастамаларына бата берді.