Бүгін Сырым ауданында 2019 жылғы ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі салтанатты түрде жабылды.

 

 

2019 жылы сәуір - желтоқсан айларында 37 мәрте өткен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінде төмендетілген бағамен 26,6 миллион теңгеге 115, 3 тонна ауылшаруашылық өнімі сатылған.

 

- Жәрмеңке - берекенің белгісі. Шаруалар еңбегінің мерекесіне, халық бірлігінің тойына айналған Жымпиты жәрмеңкесі келесі жылы да сәтті жалғасын табады. - деді жабылу салтанатында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев.

 

Жыл бойына еңбек мерекесіне белсенді қатысқан Серік Байров, Гүлбадан Өтешова, Асыл Хусайынова, Темір хан Рамазанов, Асан Семғалиев,  Ақырыс Ахметова, Алмагүл Жағалова, Светлана Амирова секілді шаруалар мен Аралтөбе, Қособа, Сарой, Жымпиты ауылдық округтері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

 

Жымпитылықтар жабылу салтанаты күні де жәрмеңке саудасын қыздырды. "Қайсар" спорт клубы келушілер арасында қол күресі мен кір тасын көтеруден сайыс өткізді.