Бүгін аудан әкімі Төлеген Төреғалиев тегін көгілдір отын кіргізілетін жеті отбасына сертификат табыс етті.


Бұлдырты ауылының тұрғыны Лұқпан Әбілпейісовтің шаңырағына Берік Сүлейменов жетекшілік ететін «БатысМұнайГазЖабдықтары» өткізіп бермек.


Бұлан ауылындағы Зинағабденов, Өлеңті ауылындағы Амангелді Тұрланов, Көздіғара ауылындағы  Бақыт Балабаева мен Жосалы ауылының тұрғыны Айнагүл Днекешованың үйіне Айнагүл Ойшыбаева жетекшілік ететін «Сырым» қоры тегін газ кіргізіп беруге демеушілік етіп отыр. Қосарал ауылының тұрғыны Айгүл Сапиеваның үйін Сырым ауданы мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағы табиғи газбен қамтамасыз етпек.


Айта кетейік, сертификат табыс етіп, тегін газ өткізіп беру ауданда 2017 жылы қолға алынды. 2017 жылы  үш үйге тегін газ кіргізілсе, 2018 жылдан бері  7 отбасы тегін газдың қызығын көруде. 2019 жылы төрт шаңыраққа тегін газ өткізіп беруге сертификат берілді.