Кеше ақын, Қазақстанның Халық Жазушысы, "Тарлан" сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің туған күнінің құрметіне ақынның туған ауылы Жымпитыда мектеп оқушылары арасында аудандық Қадыр оқулары өтті.

Ақын оқуларына қатысушылар 2015 жылы қойылған Қадыр Мырза Әли ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 
Аудан мектептерінен келген 74 оқушы Қадырдың өлеңдерін жатқа оқу, сөзіне жазылған әндерді орындау және ақынға өлең арнау аталымдары бойынша сынға түсті. Ерекшелігі, биыл Қадыр оқуларына мектепалды даярлық сыныбының оқушылары да қатысты.
Айта кетейік, 2020 жылы Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толып отыр.

.