М.Есламғалиұлы атындағы  Сырым  аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Қадырдан бір өлең» айдарымен ақынның шығармашылығын насихаттауға арналған  әдеби марафон өтті. 

Шараға   «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіндерінен бастап, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп оқушылары, Қадыр оқуларының жүлдегерлері, орта жастағы азаматтарға дейін қатысты. 
Марафонды жүргізген кітапханашы Гүлім Жантурина  Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен  шығармашылығы, марапаттары туралы айтты. 
Оқырмандар ақынның өлеңдерін оқып, сөзіне жазылған әндерді орындады. Кітапханада бастау алған әдеби марафон фейсбук әлеуметтік  желісінде жалғасын таппақ. Оқырмандар Қадырдың өлеңдерін  оқығанын бейнетаспаға түсіріп, жеке фейсбук парақшасына салып, аудандық кітапхананың парақшасын белгілейді және марафонды қалаған адамына жолдайды. Дарабоз ақынның өлеңдерін оқу марафоны жыл бойына өтетін болады. 
Марафонның ең жас қатысушылары мектепішілік Қадыр оқуларының ІІ орын жүлдегері Жанерке Бауыржан, ІІІ орын иегері «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісі Жангүлім Таржманова, 2019 жылғы республикалық «Бақытты бала» байқауының І орын жүлдегері, шетелге жолдама алған Равиль Жарылғасовтарға аудандық кітапхана атынан естелік сыйлық табыс етілді. 
Шара соңында балаларға тәтті үлестірілді.