Бүгін аудан әкімі Абат Шыныбеков Қособа ауылындағы есептік жиналысқа қатысты. Жиналысқа келген жұрттың алдында Қособа ауылдық округінің әкімі Жұмабай Сатаев жылдық жұмысы жөніндегі есебін берді.  Өткен жыл Қособа ауылдық округі үшін табысты болғаны анық. Себебі, тұралап тұрған мәселелердің дені былтыр шешілді. Ауыл мектебі күрделі жөндеуден өтті. Ұялы байланыс орнатылды. Ірі - ірі мәдени шаралар ұйымдастырылды. Бұл жаңалықтардың бәрі де жұрттың көз алдында болды.
Әкімнің хабарламасы бойынша сөз сөйлеген жергілікті әйелдер кеңесінің төрайымы Мәдина Жұмағұлова жасалған жұмыстарға оңынан баға берді. 
Қособа ауылдық округі басқа округтерден жастардың қоғамдық қозғалысымен де ерекшеленіп тұр. 
Қособалықтар Ж.Досмұхамедов көшесіне жарықшам орнату керектігін жеткізді. Сондай-ақ округтегі жедел-жəрдем УАЗ көлігіне керекті сайман дар алынып, жөндеуден өткізілсе деген ұсыныстарын білдірді. 

Есептік кездесуді аудан әкімі Абат Шыныбеков қорытындылады.