«Ашық әкімдіктегі»  өзекті мәселелер Сырым ауданының әкімдігінде  тұрғындарға арналған  «Ашық әкімдік» өтті.

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев «Ашық әкімдікте» 7 тұрғынды қабылдап, олардың  тарапынан айтылған жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, тұрғын үй мәселелері бағытында сала басшыларына тапсырмалар берді. 
Батыс Қазақстан облысы әкімінің Сырым ауданындағы қоғамдық өкілі,  Сырым ауданының құрметті азаматы Есберген Әжібаев та қабылдауға келгендердің мәселелері барысында кеңесін айтты.

 

.