Облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев жастар орталығындда болып, жастар жылының қорытындысы және еріктілер туралы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұртілеу Болаттың есебін тыңдады.

Аудандық  жастармен жұмыс жөніндегі орталық ауылдық округтерге барып,  мекен-жайлық қызметтер көрсетіліп, соның арқасында  бірнеше жас жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған жастар – 2409, жеке кәсіппен айнлаысушы жастар – 73, өзін-өзі жұмыспен  қамтығандар – 147. «Jas Project»  бағдарламасы бойынша 45 жастар жобасы, ұсынылып, 9-ы мақұлданған. Серік Рахметоллаұлы грант ұтып алп, кәсіппен шұғылданып отырған жастармен кездесті. 
Ауданда 73 ерікті бар. Өңір басшысының орынбасары еріктілерді ресми есепке алу, олардың санын көбейту, әр түрлі жастағы азаматтарды тарту жөнінде ұсыныс айтты.

 

.