Бүгін Сырым ауданына ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Бауыржан Халиолла бастаған Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының жанындағы "Дала дидары" көшпелі өнер ұжымы келді.

Қадырдың шығармашылығын насихаттайтын жоба биыл ІІІ маусымын сәтті бастап жатыр.
Ұжымның концерті түске дейін Қособа, ал кешке Жымпиты ауылында өтеді.