ХХVІІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға арналған мектеп және колледж оқушыларының VІІІ қысқы Спартакиадасының аудандық кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Спартакиадаға Абай, Аралтөбе, М.Қаналиев, Бұлдырты, Сырым, Жырақұдық, Қ.Мырзалиев, Ж.Досмұхамедов, А.Жұмағалиев орта мектептері мен Қызылағаш және Жамбыл негізгі мектептері қатысты. 
Мемлекеттік әнұран шырқалып, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Қуаныш Райымов, спорт саласының ардагері, жоғары санатты ұстаз Бақытжан Қайыров спартакиаданың ашылу салтанатымен құттықтады.