Бүгін Сырым колледжінде Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында студенттермен кездесу өтті. Кездесуге Сырым колледжінің директоры С.Берсебаев, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Д.Тайшиев, ювеналдық полиция тобының полиция лейтенанты Н.Кабиев, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші маманы С.Ихсановтар қатысты.
Жиынға қатысқан студенттер жолдаудың маңыздылығына тоқталып, ой-пікірлерін жеткізді.