Балайым КЕСЕБАЕВА,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«Жолдау – заманның барлық талаптарына жауап береді»
Жаңа жолдау туралы Сізде қандай ой қалыптасты?
- Мемлекет басшысының биылғы жолдауы ғаламдық бәсекелістікке қабілеттілікті күшейту мәселесіне көбірек маңыз берген. Менің ойымша, бұл жолдау – заманның барлық талаптарына жауап береді.
Жолдау қандай мүмкіндіктер белгілеп отыр деп ойлайсыз?
- Елбасы мемлекетті қайта жаңғыртудың басты алғышарты ретінде технологиялық мүмкіндіктерді игеруді қойып отыр. «Цифрлық Қазақстан» - елге жаңа мүмкіндіктер береді.  Жаңғыртуды тұлғалар жүзеге асырады. Сондықтан, жолдаудың жүгі барлық қазақстандықтарға ортақ.
Көптің көкейіндегі сұрақ. Жолдау ауылға не береді?
- Жолдаудағы негізгі басымдық аграрлық секторды дамытуға берілген. Осы сектор арқылы шаруашылықтар, кәсіпкерлік құрылымдар дамуды анық сезіне алады деп ойлаймын. Қазір ауылдық жерлердегі жеке меншік шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру үрдісі оң нәтиже бере бастады. Меніңше, жолдаудағы игіліктерді ауыл ендігі сезініп жатыр.

Сұхбаттасқан: Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ