Алматы қаласында өтіп жатқан 28-ші қысқы дүниежүзілік Универсиадада шорт-тректен, жерлесіміз, Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықта күміс жүлде еншіледі.
Абзал Абайұлы 1992 жылы 30 маусым күні Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жосалы ауылында дүниеге келген. 1-7 сыныпты Орал қаласындағы М.Ихсанов атындағы №36 мектепте оқып, әрі қарай Оралдағы Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп интернатта жалғастырды. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің түлегі. Бүгінде Алматыдағы Спорт және туризм академиясының студенті.