Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бүгін аудан орталығындағы Алаш мұражайында болды.
Жымпитыдағы Алаш мұражайы - Алаш қозғалысына арналған еліміздегі жалғыз мұражай. Бұл орын негізінен Күнбатыс Алашорда үкіметінің тарихы мен қайраткерлерінің саяси жұмыстары, шығармашылығы туралы деректерді қамтиды.
Биыл Алаш қозғалысына 100 жыл толады. Өңір басшысы осы мерейлі датаның аясында атқарылатын жұмыстарды тыңдады.