Өңір басшысы Алтай Көлгінов Жымпиты ауылындағы С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысты. 
2002 жылы С.Датұлының 260 жылдығына орай ашылған мұражай 2004 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде жұмыс жасайды. Музейде археология, табиғат және экология, мәдениет және өнер, ардагерлер және тәуелсіздік залдары орналасқан. Экспонаттар саны 1986 дана.

Облыс басшысы осы күні аудан ардагерлерімен кездесті.