Ақтөбе қаласында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» байқауына Сырымдық Ақбота Ширмедин мен Аружан Иосифова қатысып, бас жүлде алды. 
Екеуіде аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы жанындағы «Дарын» ақындар үйірмесінің мүшесі. Аталмыш үйірмеге жас ақын Мейірбек Жампозов жетекшілік етеді. Бала жастан өлеңге еліткен өнерлі өрендер Ақбота мен Аружан өмірлерін өлеңге, өлеңін мәңгілік өмірге айналдырған Хан Тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың алдаспан жырларына жандары құмар.
Ендеше, Жас өнерпаздардың осынау жеңісі жарасымды жалғасын тапсын деп тілек білдіреміз!