Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков аудандағы жауынгер – интернационалистер Мұрат Айдархановты, Қази Төлегеновты және Дауылбай Көнеевті салтанатты түрде қабылдады.
- Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатынасқан қазақстандықтарды әлемдегі бейбітшілікті сақтауға үлес қосқан азаматтар деп біледі, құрмет тұтады. Ауған соғысының ардагерлері кейінгі ұрпақ үшін ерліктің үлгісіне айналып келеді. Біздер арамызда сіздер сияқты батырлардың бары үшін мақтанамыз! – деді аудан әкімі Абат Шыныбеков өзінің салтанатты сөзінде.
Қабылдау жылышырайда өтті. Ауғандықтар естеліктер айтты, аудандағы зиялы қауым өкілдерінің құттықтауларын қабылдады. Аудан әкімі Абат Шыныбеков ардагерлерге естелік сыйлықтар ұсынды.