Бүгін Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып Арман Гумаров тағайындалды. Жаңа басшыны аудан әкімі Абат Шыныбеков Сырым аудандық мәслихатының сессиясы отырысында таныстырды.
Арман Гумаров 1985 жылы Жымпиты ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қ. Мырзалиев атындағы орта мектепті аяқтады. 2002 – 2006 жылдары аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінде, 2009 – 2011 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетінде білім алды. Кейін бірқатар мемлекеттік қызметтерде болды. Арман Гумаровтың қаржы және салық саласында жинаған біраз тәжірибесі бар. 
Жаңа басшы осы кезге дейін БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерді әкімшелендіру бөлімінің басшысы лауазымында атқарды.