Қадыр Мырза Əлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Сырым ауданы əкімдігінің ұйымдастыруымен бесінші облыстық Қадыр оқулары байқауы өтті. Қатысушылар дарабоз ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тəу етті. Ескерткіш алдында Қадыр Мырза Əлі атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолла сөз сөйлеп, жас дарындарға сəттілік тіледі. Байқаудың ашылу салтанатында Сырым ауданы əкімі Абат Шыныбеков құттықтау сөз алды. Түске дейін іріктеу бөлімі, түстен кейін байқаудың гала- концерті өтті. «Сөздің бəрі құдіретті» бөлімінде Ибрагим Валиев, "Кейбір жарым дін ұшырып қырманда" бөлімінде Нұргүл Байғалиева бас жүлдені иеленді.