Бүгін аудандық мәдениет үйінде ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 28 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында әсерлі шара өтті. Шараға қатысушылар алдымен жеңіс саябағына барып гүл шоқтарын қойып, мәдениет үйіне жиналды. Ауған соғысына қатысушы ардагерлермен жастар арасында сыр сұхбат ұйымдастырылса, демалыс орталығының көркемөнерпаздары сазды сәлемін жолдады. Аталмыш шараға аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Нурпейсов, аудандық Демалыс орталығы директорының м.а А.Мұрадимова, «Сырым сарбаздары» ұйымының төрағасы С.Сарғозиев және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Д.Тайшиев қатынасты.