Бүгін Тоғанас ауылында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің 31 қаңтардағы жолдауы талқыланды. Ауылымызға іс-сапармен Техникалық реттеу жəне метрологиялық комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының м.а. Тығынбаев Жанахын Рахымұлы келген болатын. Жарыссөзге Шолақаңқаты ауылдық округі бойынша ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қуандықов Ерғалам ағамыз, В.И.Шубин атындағы ЖОББМ директоры жəне аудандық мəслихат депутаты Ихсанова Роза Владимировна сөз сөйледі.