Кеше Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлеповтың төрағалық етуімен Ж. Досмұхамедов атындағы мектеп – балабақша кешенінің акт залында мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 25 қаңтардағы үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылауға байланысты жиналыс өтті.
Күн тәртібіне қатысты негізгі хабарламаны жиналысқа арнайы қатысушы облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Ержан Төремұратов жасады. «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, аудандық мәслихаттың депутаты Досжан Тайшиев те өз сөздерінде жаңа жолдаудың жаһандану дәуіріндегі өзектілігін атап өтті. 
Осы сияқты қоғамдық ұйым өкілдері, мектеп ұстаздары мен ауыл тұрғындары пікір білдірді.