Бүгін Сарой ауылдық округінде 2017 жылғы 31 қаңтардағы Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қаблеттілік» атты жолдауын талқылау мақсатында жиын өтті. Жиынға БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Алмат Есболов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қонысбай Молдағалиев, аудандық маслихат депутаты Досжан Тайшиев қатысты. Жиынды ауылдық округ əкімі Сағидоқас Бақтығалиев жүргізді.