Қарағандыда ерлер мен әйелдер арасында самбо мен жауынгерлік самбодан өткен Қазақстан Республикасының Самбо федерациясының жүлдесіне арналған республикалық турнирге Сырымдық бес бірдей спортшымыз қатысып, жүлдемен оралды. Атап айтар болсақ, дүбірлі додада ерлер арасында Сырым Мейірманов (57келі), Айбек Габдешов (74 келі), Нұрымжан Габбасовтар (90 келі) жеңіс тұғырынан көрінсе, Нұрхан Мағзомов (57келі) жүлдегерлер қатарынан табылды. Ал 68 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен балуан қызымыз Гаухар Сағадат жеңімпаз атанды.