Сырым аудандық орталық ауруханасы ұжымы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылап, қуаттады. 
Аудандық аурухана директорының орынбасары Аида Серікбаева Елбасы Жолдауын ұжымға түсіндіріп, үзінді келтіріп, Жолдаудың бес басымдығын атады. Соның ішінде медицина саласына қатысты міндетті медициналық сақтандыру жүйесі 1 шілдеден бастап енгізілетіні туралы айтты. 
Ақ желеңді абзал жандар Жолдау туралы пікірлерін ортаға салып, қолдайтындарын білдірді.