Сырым ауданы әкімі жанындағы төтенше жағдайдалрдың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі комиссия отырысы өтіп, оған аудан әкімі Абат Шыныбеков төрағалық етті. Күн тәртібінде 2016 жылғы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы тыңдалып, 2017 жылдың міндеттері хабарланды. 
Облыста біздің аудан ең көп қар түскен аудан екен. Су тасқынының алдын алу мақсатында кезекшілік ұйымдастыру, қар шығару жұмысын жеделдету, суға кету қаупі бар көшелердің тізімін жасақтап, адамдарды эвакуациялау жұмыстары, техникалардың сақадай-сай болуы, құм, қап сияқты құрал-саймандардың дайындығына қатысты аудан басшысы ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Аудан әкімінің орынбасары Т.Төреғалиев су тасқынына қатысты ауданның ахуалы туралы, қай бағыттағы жұмыстарға күш салу қажеттігін айтты.