Бүгін Жымпиты ауылдық округі əкімдігінің қолдауымен 1-наурыз алғыс айту күніне орай Жымпиты ауылдық округі əкімінің орынбасары Қ.Аманғалиев пен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Д.Тайшиев Жымпиты ауылдық округіндегі өзге ұлт өкілдері жəне жалғызбасты қариялар мен көп балалы аналардың үйіне арнайы соғып құттықтап қайтты. Шара барысында аудандық балалармен жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқушылары өз өнерлерін көрсетіп ақ жаулықты аналардың алғысын алды.