Ж.Досмұхамедов орта мектеп-балабақша кешенінің базасында «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы фестивалінің аудандық іріктеу кезеңі өтті. 
Фестивальде балалар хореография, вокал, көркем-қолданбалы өнер, бейнелеу өнері бойынша сынға түсті. Қазылар алқасына облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Ақмарал Бакиджанова төрайымдық етсе, құрамында облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің әдіскері Уазипа Сатыбалдиева, облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің тифлопедагогы Ізғайша Лұқпанова болды. 
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арман Баяндықов, аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің меңгерушісі Аида Ниязғалиева құттықтау сөз сөйледі. 
Әділ қазылардың айтуынша, фестиваль қорытындысы аудандарда іріктеу бөлімі түгел өтіп болған соң бірге шығарылады. Фестиваль соңында өнерпаз балаларды облыстан келген қонақтар марапаттап, алғыс хат пен сыйлық табыс етті.