2016 – 2017 жылғы қыс кезеңінде аудан орталығы Жымпиты ауылының өзінен 3700 текше метр қар шығарылыпты. Кешегі апталардағы бораннан кейін бұл жұмыстардың көлемі тағы да артып жатыр.
Қар шығарудағы негізгі басымдық ауылдың басты көшелеріне берілуде. Аудан орталығында Өлеңті ауылын қоса санағанда, 45 көше бар. Оның ішінде М. Мәметова, Ә. Молдағұлова, Х. Есенжанов және С. Жонысов көшелері көктемалды көңіл бөлуді аса қажет етіп отыр. Көшелерді қардан арылту жұмыстарында дамыл жоқ. Жолдардың астындағы су шүмектері мен ауыл ішіндегі су жолдары тазарту жұмыстары да атқарылып жатыр. Қар шығару жұмыстарына «Сырым» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 1 ЗЛ 30 жүк тиегіш ауыр техникасы, 1 МТЗ – 100 және 2 КаМАЗ көлігі жұмылдырылғанын осыған дейін айтқан едік.