Сырым ауданында 2017 жылдың көктем мезгілінде жасалатын негізгі жұмыстар әлі пысықталуда.
Кеше Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлепов, Сырым ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Ерген Тасқалиев, «Сырым» МКМ директоры Руслан Тасқалиев және Сырым ауданы әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Жандос Дүйсенғалиев аудан орталығындағы көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысты.