1 - наурыз Алғыс айту мерекесіне Сырым ауданының кәсіпкерлері үлкен ынтамен атсалысып жатыр. Олардың бұл игілікті ісі облыс көлемінде жарияланған «Мейірімді көктем» қайырымдылық айларының мақсатымен де жақсы үндеседі.
Бүгін Сырым ауданындағы кәсіпкерлердің өкілі Айсұлу Ихсанова, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Аян Жоламанов және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы Сырым аудандық филиалының басшысы Айдынғали Балғалиев аудан орталығындағы әйел – аналардың шаңырақтарына барып, жергілікті кәсіпкерлердің мерекелік құттықтауы мен сый – сияпаттарын тапсырды. Жаңа әйел – аналардың ішінде жалғызбасты жандар да бар.