Сырым ауданындағы белді өнер ұжымдары Үлгілі «Жауқазын» (жетекшісі Б.Жұмағалиева) және «Аружан» би (жетекшісі А.Саргузиева) ансамбльдері өздеріне берілген атақты тағы бір мәрте қорғап шықты. Мұрат Қолқанаттың «Алдамшы» қойылымын (қойылымды қойған: режиссердің көмекшісі Қайрат Илашев) Жымпиты халық театры және Э.Шмиттің «Екі дүние есігі» қойылымын ( Қоюшы режиссер: Жоламан Еркін) Бұлан халық театры да өздерінің халықтық атақтарын қорғады. 
Облыстық «Халық шығармашылық орталығынан» арнайы келген комиссия аудандағы өнер ұжымдарына өздерінің оң бағаларын берді. 
 Биыл ауданда «үлгілі» және «халықтық» атағын иемденген өнер ұжымдарының саны артатын секілді. Себебі, Шайхиевтер мен Кенжебаевтар отбасы, «Айналайын» би тобы «үлгілі» және «халықтық» атақтарды иелену үшін өтініш берді. Облыстағы мамандар ұжымдардың өнеріне тәнті болып, қорытындысы алдағы уақытта белгілі болатынын мәлімдеді.