Сырым ауданында Алғыс айту мерекесіне арналған шаралар сағаттар өткен сайын қарқын алуда. Түс кезінде аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен «Жолаушы» мейрамханасында ауданның қариялары үшін мерекелік дастархан жайылды. Осы мерекелік дастарханның үстінде аудан әкімі Абат Шыныбеков Алғыс айту мерекесіне орай құттықтау сөзін сөйледі.