Әйел – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, отбасының алтын діңгегі. Көктемдегі құстың қанатымен ілесе келген алғашқы мейрам – 8 наурыз – аналар мерекесінде оларға айтылар тілек пен құрметте есеп жоқ. Бүгінгі 21-ғасырда әйел адам бағындырмаған белес, алмаған асу жоқ шығар, сірә...
Бүгін аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық аналар күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Мерекеге орай құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі А.Шыныбеков ару-аналарымызды бүгінгі мерекемен құттықтап, Елбасы Жарлығына сәйкес 6 бала тәрбиелеп өсірген ана Эльмира Имашева мен Сәндігүл Нұғмановаға «Күміс алқа» табыстады. Ауданның өсіп-өркендеуіне өз еңбектері арқылы үлес қосқан бір топ азаматшаларды аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. 
Кешті мәдениет үйінің қызметкерлері «Армысың, ару нұр көктем» атты концерттік бағдарламамен көркемдеді.