Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып, көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір, жылылық, әсемдік сыйлатын аналар мерекесі де келіп жетті. 8 наурыз - Халықаралық аналар күні қарсаңында Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Аманғалиев ауданымыздың өркендеуіне үлес қосып, әртүрлі салада еңбек етіп жүрген аяулы да ардақты жандарды құттықтады.