Бүгін аудандық Сырым Датұлы атындағы мұражайда қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен Сырым Датұлының 275 жылдығы мерейтойына арналған логотип байқауының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш отырысқа аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Исанов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Нұрпейісов, Сырым Датұлы атындағы қоғамдық қордың атқарушы директоры А.Ойшыбаева және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. 
 Биыл Республикалық деңгейде аталып өтілетін Сырым Датұлының 275 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау жеңімпазы болып Бекжан Жұмабаев танылды. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Нұрпейісов байқау жеңімпазына диплом мен ақшалай сыйлық табыстады. 
Бекжан Жұмабаев суретші - график. 1994-1998 жылдары БҚГУ-дың (пединститут) көркемсурет-графика факультетінде білім алған. Қазақтың ақын-жазушылары шығармаларын оқи жүріп, студенттік шақта алғашқы графикалық туындыларын салып үйренген. Еңбек жолын Орал қаласының №19 мектебінде ұстаздық қызметтен бастаған.