Бүгін Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков ауданның құрметті әйел аналары мен қоғамдық өміріндегі белсенді азаматшаларды салтанатты түрде қабылдады. Олардың ішінде «Алтын алқа» иегері, жасы 90 – ға келген Халима Мұхамбетжанова да бар.
- Қазақ халқы әйел затын отбасының жылуын сақтаушы деп құрметтейді. Олар жанұяның жылуын сақтайды, түтінін түтетеді. Бала тәрбиесімен де солар айналысады. Әйелдер – қоғамды қалыптастырушылар. Біз Сіздердің осы еңбектеріңізді бағалаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын! – деді аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде. 
Салтанатты қабылдауға келген аналар өздерінің жүрекжарды тілектерін ағыла айтты. Олар ұрпақты бүгінгі бейбіт тірлікті бағалауға, отбасылық бақытты сақтауға шақыруда. «Алтын алқа» иегері, жасы 90 – ға келген Халима анамыз бата берді. 
Аудан әкімі Абат Шыныбеков қабылдауға келген әйел – азаматшаның барлығына мерекелік құттықтау хаты мен естелік сыйлығын тапсырды.