Көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі - халықаралық аналар күнімен тұспа тұс келеді. 
Қыстың қүрсауынан шығып, аяздың ызғары сынып, күндей күліп мезгіл жетеді. Мұны біз жас ананың балаға деген еміренген мейіріміне теңесек артық болмайтын секілді.
Жаңартылған білім бағдарламасындағы заманауи куратордың міндеттерінің бірі- бала бойындағы адамгершілік,рухани құндылықтарын қалыптастыра отырып,мəдениеттілікке баулу. Осы мақсатты жүзеге асырып отырған ауданның Ж. Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп- балабақша кешеніндегі жаңа өзгеріс кураторлық жұмыс. Өз жұмыстарын міндетті атқара келе, 5 "а,б" сыныптарының оқушылары мерекеге орай шара ұйымдастырды. Шараға ата- аналармен,ұстаздар қауымы қатысып куə болды.
Бір өзгешелігі шарадағы барлық жұмыстар тек куратордың бағыт беруімен жəне оқушылардың өздерінің жұмыстанып,еңбектенген нəтижесі көрінді. Ана қадірі атты қойылым қойылып,оқушылардың аналарының жұмыстарына барып құттықтау сəттерінен видеоролик дайындалды. Ата аналар өз ризашылықтарын білдіріп, заманауи куратордың қажет екенін де атап өтті.