Бүгін Жымпиты ауылының тұрғыны Сүйінғали Дауылов ДОСААФ мекемесінің 90 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталды. Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласынан арнайы жолданған медальдің куәлігінде Ресей ДОСААФ төрағасы, генерал – полковник А. П Колмаковтың қолы қойылған. Марапатты «Отан» қоғамдық бірлестігінің Сырым ауданындағы филиалының оқытушысы Айымжан Ғабдуллин тапсырды.
Сүйінғали Дауылов аудандағы ДОСААФ мекемесінде автокөлік ісі жөніндегі нұсқаушы болып 20 жылға жуық еңбек етті. Бұл кісінің 1964 – 1967 жылдары Германия Демоктариялық Республикасында КСРО Қарулы күштерінің гвардиясы қатарында әскери борышын өтеген қазақ баласы екенін де айтып кеткеніміз дұрыс.
Еңбек ардагерінің марапатталуы шарасына аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қатысты.